Жаңалықтар
Жоспар
Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Алматы қаласының тарихы ғасырлар қойнауынан басталады, қазба жұмыстары кезінде археологтарсол уақыттың«Алмату» деген жазуы баркүміс теңгелерін тапқан. Шамамен 2004 жылдан бастап қаланың 1000 жылдық тарихы бар деген болжамды негіздеу үшін қызу жұмыс басталып, соның негізінде, Алматы аумағында жүргізілген қазба жұмыстары және кездейсоқ табылған археологиялық материалдар мен нумизматикалық коллекцияларды талдау, этнографиялық және шығыстану саласындағы зерттеулерге сүйене отырып, Алматының жасы 1 мың жылдан кем емес деген ұйғарым жасалынады.
Сол ұйғарымға сүйене отырып, 2016 жылы – Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойын атап өтуге шешім шығарылады.
ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясының шешімімен, Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу ресми түрде ЮНЕСКО-ның 2016 жылдың мерейтойлық және атаулы даталар күнтізбесіне енгізілді.
Мың жасаған шаһарымыздың осы әлемдік ауқымдағы мерейтойына байланысты,Алматы қаласы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының қолдауыменқаланың студент жастарыхалықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне арналған «Алматының 1000 жылдығына – 1000 мейірімді іс» жобасынұйымдастырады.Мейірімділік акциясының мақсатыәлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандар мен толық емес отбасыдан шыққан жеткіншектерге көмек көрсету.
Біздің университет студенттері мен қызметкерлері де бұл шарадан қалыс қалмай өз үлестерін қосады, жүргізілген іс-шараларды осы сайттан табуға болады.