Департаменттің орналасқан жері: №2 оқу ғимараты, 3 қабат, кабинеттер № 308, 309, 302, 312.
Байланыс деректері:
Ақпараттық технологиялар Департаментінің басшысы Қаленова Бақытгүл Советқызы
тел.: 8(727) 338-70-70, ішкі 7777
e-mail: [email protected]
– Ақпараттық технологиялар Департаментінің басшысының орынбасары Шадиков Ербосын Мажитович
тел.: 8(727) 338-70-34, ішкі 7779
e-mail: [email protected]
– Бағдарламалық қамтамасыз ету және телекоммуникация басқармасының басшысы Акишев Тимур Нуртасович
тел.: 8(727) 338-70-34, ішкі 7787
e-mail: [email protected]
– Бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жайлау Эльмира Мырзаханқызы
тел.: 8(727) 338-70-59, ішкі 7778
e-mail: [email protected]
– Сервистік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жансаров Еркебулан Айбекович:
тел.: 8(727) 338-70-90, ішкі 7744
e-mail: [email protected]
Департамент туралы:
Ақпараттық технологиялар Департаменті «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» (бұдан әрі – Университет) шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік кәсіпорнының дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ақпараттық технологиялар Департаменті тікелей Университеттің атқарушы проректорына бағынады. Ақпараттық технологиялар Департаменті Университетті ақпараттандыру бойынша іс-шаралар жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеуді және жүзеге асыруды басқарады.
Департамент қызметінің негізі бағыттары, міндеттері мен мақсаттары.
Ақпараттық технологиялар Департаментінің негізгі мақсаты заманауи цифрлық технологияларды қолдану арқылы іске асырылатын бірыңғай ақпараттық кеңістікпен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, компьютерлік-коммуникациялық және бағдарламалық-ақпараттық, технологиялық ортаның тұрақты жұмыс істеуін құру, енгізу, қолдау, дамыту және қамтамасыз ету болып табылады.
Ақпараттық технологиялар Департаментінің негізгі міндеті:
- заманауи ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымын қалыптастыру, қолжетімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету және оның негізінде сапалы цифрлық қызметтерді ұсыну;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде мәдениетті дамытуға ықпал ететін медициналық білім сапасын арттыру;
- ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымның, ақпараттық және телекоммуникациялық жүйенің жұмыс жасау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ақпараттық технологиялар Департаментінің құрылымына кіреді:
Бағдарламалық қамтамасыз ету және телекоммуникация басқармасы;
Бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімі;
Сервистік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі.
Департамент құрамы:
Қаленова Бақытгүл Советқызы – ақпараттық технологиялар Департаментінің басшысы, ф-м.ғ.к., доцент.
e-mail: [email protected],
тел: 8(727) 338-70-70, ішкі 7777
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, № 308 кабинет
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00.
1986 жылы «Механика» мамандығы бойынша «Қолданбалы математик» біліктілігімен С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірді.
1997 жылы аспирантураны бітіргеннен кейін кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі 30 жылдан астам.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында 30 жылдан астам уақытта түрлі қызметтер атқарды: аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, Инновациялық технологиялар және кітапханалық-ақпараттық кешен орталығының директоры, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, ішкі аудит Департаментінің директоры, ақпараттық технологиялар Департаментінің басшысы.
Қаленова Б.С. Германия (Мюнхен), Оңтүстік Корея (Сеул), Моңғолия (Ұлан-Батыр), Франция (Париж) елдерінде шетел ЖОО-ң озық тәжірибелерін жинақтады. Алынған тәжірибе ЖОО-да бірыңғай ақпараттық-білім беру жобаларын, ЖОО шеңберінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу мен жүзеге асыруда, Болон процесінің параметрлерін енгізуге және QS халықаралық рейтингінде ЖОО-ның алатын орнын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруда қолданылды.
100-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері жарияланды: оқулықтар, ұлттық және халықаралық басылымдарда мақалалар, соның ішінде импакт-фактормен, бірлескен авторлармен «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары, сонымен қатар, зияткерлік меншік объектілері (ЭЕМ бағдарламалары – автоматтандырылған ақпараттық жүйе, электронды оқулықтар және т.б.) үшін авторлық куәліктер алды. Ғылыми жобаларды (ақпараттық жүйені жобалау) әзірлеуге және іске асыруға қатысқан.
Жоғары оқу орындарында білім беру мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік марапаттармен – «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2014ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдығы» мерейтойлық медалі (2011ж.), Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы (2001ж., 2005ж.) және алғыс хаты (2007 ж.), сондай-ақ жоғары оқу орындарының мерейтой төсбелгілері (2001ж., 2007ж., 2012ж.) және Университет және жергілікті атқарушы органдардың басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.
Шадиков Ербосын Мажитович – ақпараттық технологиялар Департаменті директорының орынбасары.
e-mail: [email protected],
тел: 8(727) 338-70-34, ішкі 7779
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, № 309 кабинет
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00.
Акишев Тимур Нуртасович – бағдарламалық қамтамасыз ету және телекоммуникация басқармасының басшысы
e-mail: [email protected],
тел.: 8(727) 338-70-34, ішкі 7787
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, № 309 кабинет
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00.
Жайлау Эльмира Мырзаханқызы – бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
e-mail: [email protected],
тел: 8(727) 338-70-59, ішкі 7778
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, № 302 кабинет
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00.
Жансаров Еркебулан Айбекович – сервистік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.
e-mail: [email protected],
тел: 8(727) 338-70-90, ішкі 7744
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, № 312 кабинет
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00.