Түлектер моделі

Негізгі бет » Білім беру бағдарламалары » Бакалавриат » Фармация » Түлектер моделі
Түлектер моделі Бағдарлама паспорты Міндетті пәндер Таңдамалы пәндер Проф. тәжірибелер Интернатура

 

ON1 – академиялық адалдықты, этика және деонтология қағидаларын сақтау, кәсіби ойлау және дұрыс шешім қабылдау; алынған нәтижелерді талдай білу, жауапты шешімдер қабылдау, коммуникативтік дағдыларды меңгеру, жұмысты жоспарлау; өзін-өзі дамытумен айналысу; ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін қолданбалы және іргелі пәндер саласында базалық білімді меңгеру; ҚР фармация саласындағы заңнаманы сақтау;

ON2 – фармацевтикалық өндіріс қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін болжау және талдау; нормативтік құжаттар мен GMP стандарттарының талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дайындау және өндіру процесін ұйымдастыра білу; фармацевтикалық ұйымдардың дәрілік заттарды дайындау және өндіру жөніндегі өндірістік қызметіне қатысу;

ON3 – дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек сауда тұтынушыларына босату бойынша қызметті жүзеге асыру, оның ішінде халықтың жеңілдікті санаттарына; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылау, сақтау және тасымалдау мәселелері бойынша фармацевтикалық ұйымдардың қызметін жоспарлауға және талдауға қатысу;

ON4 – дәрілік формалардың түрлерін, белсенді фармацевтикалық субстанцияны жеткізу әдістерін, биожетімділігін жақсарту әдістерін, дәрілік заттардың әсерін ұзарту мүмкіндіктерін, ДЗ қауіпсіздігін бағалау әдістерін, дәл дозалау жүйелері мен құралдарын дамытуды, өндіріс жағдайларын және оның стандарттарға сәйкестігін біледі. Дәріхана жағдайында дәрілік заттарды дайындай алады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру жобаларын әзірлей алады;

ON5 – фармацевтикалық ұйымдардағы субстанциялар мен дәрілік заттардың сапасын талдау және бақылау, дәрілік өсімдік шикізатының сапасын бағалау және бақылау және химиялық-токсикологиялық зерттеулер жүргізу; нормативтік құжаттарға (ҚР Мемлекеттік фармакопеясы, талдамалық нормативтік құжаттар, кәсіпорын стандарттары және т. б.) сәйкес талдаудың технологиялық, физика-химиялық, микробиологиялық әдістерін қолдана отырып, дәрілік препараттардың сапасына бақылау жүргізу;.

ON6 – дәрілік заттарды дұрыс қолдануды, артықшылықтарды, қауіптерді және олардың мүмкін болатын қарсы көрсеткіштерін біледі. Дәрілік заттарды қолдану бойынша кәсіби кеңес бере алады. Қауіпсіз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іздестіруді, зерттеуді және әзірлеуді біледі;

ON7 – фармацияда маркетингтік және ақпараттық жүйелерді қолдану; денсаулық сақтау және фармацияның қандай да бір саласын дамыту үшін қажетті ақпарат көздерін анықтай білу; компьютерлік технологияларды, мәліметтер базасын, бағдарламалық жасақтаманы қолдана білу, іскерлік қызметтің қолданбалы бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып ақпаратты өңдеуді жүзеге асыру; ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын сақтау;

ON8 – қолданыстағы тұжырымдамаларды, теорияларды бағалау және процестер мен құбылыстарды талдау тәсілдерін түсіндіру, оқытылатын пәндер шеңберінде алынған білімді анықтау; ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, ғылыми міндеттерді қоюға және оларды эксперименттік іске асыруға қатысу, ғылыми-зерттеу және қолданбалы бағдарламаларға, ғылыми жобаларға және ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу.