2021 жылдың 20 қазанында Қарағанды медицина университетінде 618829-EPP-1-2020-1-IT-EPPKA2-CBHE – JP «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану – HARMONE» жобасы бойынша мониторинг өтті




23.12.2021

2021 жылдың 20 қазанында Қарағанды медицина университетінде 618829-EPP-1-2020-1-IT-EPPKA2-CBHE – JP «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану – HARMONE» жобасы бойынша мониторинг өтті. Мониторингті Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының ұлттық кеңсесі жүргізді.
ҚМУ мониторингін жүргізу мақсатында Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің директоры Тасболатова Шайзада Өмірзаққызы келді.

Кездесуге қатысқан жомыс топтары:
1. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті (С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) – Қожамқұл Рабиға; Жұмағалиұлы Абзал
2. Қарағанды медицина университеті (МУК) – Калишев Марат Гузаирович, Ибраева Лязат Катаевна, Жакенова Сауле Рахимжановна, Жамантаев Олжас Кенжеғалиұлы, Ердесов Нұрбек Жарқынұлы;
3. Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті (ММУ (СГМА) – Хисметова Зайтуна Абулкасимовна.
Жобаның жұмыс топтарының мүшелері жұмыс барысы туралы қатысушыларды таныстыру мақсатында презентациялар дайындады, сондай-ақ жобаға қатысушылар үшін мониторингтің онлайн көрсетілімін ұйымдастырды.

Жұмыс топтарының баяндамалары оң бағаланды. Мониторинг қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалды.