SPRING жобасы

Жаңалықтар SPRING

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ  2020-2022 жылдарға арналған  ERASMUS+  Еуропалық Комиссияның «SPRING 609528-EPP-1-2019-1-GE-EPPKA2-CBHE-JP»  білім, мәдениет және аудиовизуалды мәселелер жөніндегі атқарушы агенттігі  жобасына қатысушы болып таңдалды.

Жобаның мақсаты – қатысушы-серіктес елдерде медициналық білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағының басқа елдерінде медициналық білім беру сапасын арттыру саласындағы өзгерістердің басталуына ықпал ету.

Міндеттері:

1.Мақсатты серіктес және одан тыс елдерде медициналық мектептердің академиялық және әкімшілік салаларындағы ағымдағы жақсартуларды негіздеу үшін тиімді құрал ретінде рецензиялау процесі туралы хабардарлықты арттыру.

2.Көп ұлтты біріккен сараптау комиссиясын құру – Multinational Peer Review Board (MPRB).

3.Оқу-әдістемелік кешендерді рецензиялаудың үздіксіз процесі, сондай-ақ мақсатты серіктес елдерде және одан тыс жерлерде әкімшілік саясат үшін орта орнату.

4.Сарапшы өзін-өзі бағалау, сонымен қатар серіктес елдер үшін рецензия жүргізуде оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлердің әлеуетін арттыру.

5.«Peer Review in Medical/Health Education for Eastern Europe and Central Asia (PRIMED-EECA)» жыл сайынғы ғылыми-практикалық журналын құру.

6.Серіктес елдерде жоғары оқу орындарын халықаралықтандыруды күшейту.

7.Серіктес елдердің ұйымдары, сондай-ақ денсаулық сақтау / білім мәселелерімен айналысатын тиісті министрліктер мен ұлттық мекемелер арасында жобаның нәтижелері туралы ақпаратты (Есептер, PRIMED – EECA, ұсынымдар және т. б.) тарату.

Жоба аясында MPRB бекітілетін және тексерілетін арнайы тарату стратегиясы әзірленеді.

Серіктес елдердің келесі ұйымдары жобаның серіктестері болып табылады:

  • БАУ халықаралық университеті, Батуми, Грузия
  • Тбилис мемлекеттік медицина университеті, Тбилиси, Грузия
  • Петр Шотадзе атындағы Тбилиси медициналық академиясы, Тбилиси, Грузия
  • Грузин ұлттық университеті СЕУ, Тбилиси, Грузия
  • Николай Тестемицан атындағы медицина және фармакология мемлекеттік университеті, Кишинев, Молдова
  • Молдавия Техникалық Университеті Кишинев, Молдова
  • Беларусь мемлекеттік университетінің А. Д. Сахаров атындағы Халықаралық мемлекеттік экологиялық институты, Минск, Беларусь
  • Гродно мемлекеттік медицина университеті, Гродно, Беларусь
  • «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ, Қазақстан
  • Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті, Душанбе, Тәжікстан
  • Хатлон мемлекеттік медицина университеті, Дангара, Тәжікстан
  • Медициналық университет( София), София, Болгария
  • Литва университетінің медицина академиясы, Каунас, Литва
SPRING жобасының ҚазҰМУ мүшелері