- Ақсақалдар Кеңесінің мүшелері:
– Ақсақалдар Кеңесінің қызметіне белсенді атсалысуға;
– Ректордың және Ақсақалдар Кеңесінің тапсырмаларын орындауға, Ақсақалдар Кеңесінің мәжіліснде берілген тапсырмалардың орындалғаны туралы есеп беруге міндетті болып табылады.
2. Ақсақалдар Кеңесі мүшелерінің:
– Ақсақалдар Кеңесі мәжілісінің қарауына ұсыныстар беруге;
– Ректордың тапсырмасы бойынша Университеттің өкімдік құжаттарының жобаларын әзірлеуге қатысуға және соларға қатысты ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
– Университетте өткізілетін мәжілістерге, конференцияларға, көрмелерге, салтанатты және мәдени іс-шараларға қатысуға:
– Ақсақалдар Кеңесі қызметінің мәселелері бойынша мерзімді басылымдарға ақпарат беруге;
– Ректордың тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарда және жергілікті басқару органдарында Университет атынан сөйлеп, оның мүддесін қорғауға;
– Қажет болған жағдайда Университет ректорымен, оның орынбасарларымен және Университеттің басқа да лауазымды тұлғаларымен еш кедергісіз кездесуге және телефонмен сөйлесуге;
– Ақсақалдар Кеңесінің мәжілісінде қарастырылатын мәселелер бойынша ресми құжаттармен және материалдармен танысуға құқы бар.