Письмо в комитет




22.05.2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ   МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БҒМ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ АЯСЫНДАҒЫ

БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ

С.Ж. Асфендияров  атындағы  Қазақ  ұлттық  медицина  университетінің Д  09.01.03 диссертациялық   кеңесі   диссертациялық   кеңестің 2010 жылғы 19 сәуірдегі  мәжілісінде № 6 хаттамада Мырзағұлова Сырсұлу Ермұқанбетқызының 14.00.16 – патологиялық физиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуге ұсынған «Ауыр металдардың жоғарғы жүйке әрекеттеріне зақымдаушы әсері және одан туындаған бүліністерді түзету» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясы ресми қорғауға қабылданғандығын хабарлайды.

Диссертацияны қорғау  2010 жылы 26 мамырда сағат 14.00-де  Алматы қаласы, Төле би көшесі, 88 үйде орналасқан С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректорының мәжіліс залында өтеді.

ДК төрағасы,

м.ғ.д., профессор                                                               А.А. Идрисов