-15 маусымда 2021 жылы сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен), жоба аясында ҚазҰМУ командасы «Науқаспен (виртуалды, стандартты) қарым-қатынас дағдыларын дамытудың әдістемесі мен құралдары» тақырыбында 5 сағаттық онлайн-тренингті өткізді.




27.10.2021

Жаттықтырушылар:

1 Терри Пултон, Aristotle University of Thessaloniki университетінің профессоры.

2 Элла Пултон, University of Leeds Университетінің докторы.

3 Виктор Риклефс, Қарағанды ​​медицина университетінің оқу ісі жөніндегі проректор.

Мақсаты: Ғылыми қызметкерлерді науқасқа бағытталған қарым-қатынас дағдыларын дамытудың әдістемесіне (виртуалды пациент, стандартты пациент) және соңғы нәтижелерді бағалауға үйрету.

Тапсырмалар:

  1. Клиникалық жағдайға негізделген оқытудың мақсаты мен міндеттері туралы түсінік беру.
  2. Open Labyrinth платформасында виртуалды науқас пен стандартты науқас технологияның негізінде клиникалық сценарийлерді жасау әдістемесін үйрету.
  3. Төңкерілген сынып (flipped classroom) тәсілдің негізінде оқу мен оқыту әдістемені үйрету.

Мақсатты аудитория: әр серіктес университеттен 4 оқытушы және 1 техникалық қызметкер.

– 16 маусымда 2021 жылы 11:50-де (Мәскеудің уақытымен) ҚазҰМУ командасы, UoO университетінің коммуникативті дағдыларды оқыту бағдарламасы бойынша: Элла Пултон, профессор Панос Бамидис, доктор Панагиотис Антониу, доктор Элени Дафли жаттықтырушылармен қарым-қатынас дағдыларын дамытудың әдістемесі мен құралдары бойынша науқасқа бағытталған (стандартты пациент) екінші тренингті өткізді.

-16 маусым 2021 жылы сағат 10:00-12:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен) «Сценарий құру» консультациялық күні бойынша кездесу өтті.

Кездесуге ҚазҰМУ командасының толық құрамы (Юсупов Рустам, Багиярова Фатима, Асимов Марат, Салима Аль-Абдулла, Санам Мадалиева, Давлетбакова Алма, Мадина С.) және ҚМУ командасы (Виктор Риклефс, Гүлшат Кемелова, Шолпан Қалиева, Лариса Мациевская, Динара Аимбетова, Полина Семенихина) қатысты.

Тренингтер «Әр университеттен OpenLab бойынша клиникалық жағдайды әзірлеу» үй тапсырмасымен аяқталды, содан кейін тренингтердің нәтижелері бойынша 25 маусымда 2021 жылы жобаның барлық серіктестері клиникалық жағдайлардың презентациясымен қорытынды кездесу өткізіледі.