Ғылыми кеңес

«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ Ғылыми кеңесінің
ғалым хатшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор

Копбаева Майра Тайтолеуовна
e-mail: [email protected]

1. Ғылыми кеңес білім беру, ғылыми және клиникалық қызметті үйлестіру жөніндегі алқалық басқарудың бір нысаны болып табылады.
2. Ғылыми кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі нормативтік Университеттің құжаттарын және Ғылыми кеңес туралы ережесін басшылыққа алады.
3. Ғылыми кеңестің қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді және қаралатын мәселелерді, өзекті проблемалар мен Университеттің даму перспективаларын кеңінен қоғамдық талқылау және ұжымдық шешу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
4. Ғылыми кеңестің өкілеттік мерзімі – 3 жыл.
5. Ғылыми кеңесті «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ ректоры – Басқарма төрағасы, Ғылыми кеңес төрағасы Шоранов Марат Едигеевич басқарады.

Ғылыми кеңестің міндеттері:

  • Университеттің оқу-әдістемелік, клиникалық, ғылыми, халықаралық және өзге де қызметі бойынша мәселелерді қарау;
  • Білім беру қызметтерінің отандық және шетелдік нарықтарында Университеттің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
  • Кәсіптік оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында Университеттің білім алушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • Қаржылық қолдауды қамтамасыз ету, Университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту;
  • Сапа менеджменті жүйесінің, Университеттің сапа саласындағы саясатының және Университеттің сапа саласындағы басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау;
  • Университеттің одан әрі дамуына жәрдемдесу.

Негізгі функциялар

  • Ғылыми кеңестің құзыретіне жататын Университетті дамытудың өзекті міндеттерін шешу үшін ұжымдық күш-жігерді біріктіру;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес мамандар даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету.

Басқарма төрағасы, Ғылыми кеңес төрағасы

Шоранов Марат Едигеевич.