Постдокторантура

Постдокторантура – PhD немесе оған тең дәрежедегі ғылыми атақ алған және диссертациясын қорғағаннан кейін 6 жыл ішінде оқуға түсетін ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жиынтығы. Бұл іс-шаралар мамандандырылған тақырып бойынша ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған.

Постдокторантураның мақсаты – ҚазҰМУ-дың ғылыми мектептері мен институттарының қалыптасуын және сабақтастығын қамтамасыз ету үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау.

Постдокторантура бағдарламасы келесі қызмет түрлерін қамтиды:

  • Постдокторанттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары
  • Аралық және қорытынды аттестация

ҚазҰМУ постдокторантура бағдарламасында оқыту

  • Оқу мерзімі: 3 жыл
  • Оқу формасы: күндізгі

Постдокторант болуға үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының немесе шетел азаматтары, жасы 40-қа дейін
  • Философия докторы (PhD) немесе оған теңестірілген дәрежеге ие болу

Постдокторантурада оқудың нәтижесінде ғылыми, педагогикалық және басқарушылық кадрлар дайындалады, олар «Ассоциацияланған профессор» ғылыми атағын алуға дайын болады.

Постдокторантураға қабылдау тәртібі

Постдокторантураға қабылдау КазҰМУ Басқарма төрағасы – Ректорының бұйрығы негізінде арнайы құрылған комиссияның жұмысының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Конкурс екі кезеңде өтеді:

  • I кезең: үміткерлердің өтінімдерін алдын ала іріктеу
  • II кезең: комиссия отырысында зерттеу жоспары мен ғылыми қызметті қорғау

Постдокторантураға үміткерлерді алдын ала іріктеу күнтізбелік жылдың 5 тамыздан 10 тамызға дейін ұйымдастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берушілер белгіленген мерзімде ҚазҰМУ ғылым департаментіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. Қазақстан Республикасы азаматтары үшін: Жеке куәлік / Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
  2. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін: Тұрғылықты тұруға рұқсат / Азаматтығы жоқ адамның куәлігі / Босқын куәлігі;
  3. Қандастар үшін: Жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігі;
  4. Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы диплом. Егер дәреже шетелде алынған болса, 2023 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің №268 бұйрығымен бекітілген білім туралы құжаттарды тану ережелеріне сәйкес ғылыми дәрежені беру туралы құжатты тану туралы куәлік ұсыну қажет;
  5. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат:
    • IELTS Academic, шекті балл – кемінде 5,5 балл,
    • TOEFL ITP, шекті балл – кемінде 460 балл,
    • TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 46 балл.
  6. Белгіленген үлгідегі өтінім (жүктеу сілтемесі );
  7. Түйіндеме (жүктеу сілтемесі );
  8. Алдағы үш жылға арналған зерттеу қызметі мен жарияланымдардың күнтізбелік жоспары (жүктеу сілтемесі );
  9. Мотивациялық хат (1000 сөзден аспайтын);
  10. Соңғы 6 жылдағы ғылыми еңбектер тізімі;
  11. Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек кітапшасы, еңбек шарты, мұрағат анықтамасы және т.б.);
  12. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер;
  13. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғын анықтайтын анықтама.

Өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.
Алдын ала іріктеу нәтижелері конкурстық іріктеуге қатысуға рұқсат беру немесе рұқсат бермеу болып табылады.
Постдокторантураға қабылдау Комиссияның оң шешімі негізінде және жоспарланған орын санына сәйкес КазҰМУ Басқарма төрағасы – Ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Алдын ала іріктеу 5 тамыздан 10 тамызға дейін күнтізбелік жылда
Комиссия отырысында қорғау рәсімі 15 тамыздан 20 тамызға дейін

күнтізбелік жылда

Қабылдау

20 тамыздан 30 тамызға дейін

күнтізбелік жылда

Қосымша ақпарат:

Менлаякова Дарина Сұңғатқызы, Ғылым департаментінің маманы
Электрондық пошта: [email protected]
Телефон: +7 727 338 70 90 (71 28), +7 707 493 34 70